Қазақстандық спортшылар Әлем кубогының суперфиналында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Әлем кубогының суперфиналында қола жүлде жеңіп алды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілдері Наргиз Болатова мен Виктор Друзин әртістік жүзуден Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының суперфиналында жүлдегерлер қатарына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар аралас дуэттер арасындағы еркін бағдарламада қола медаль жеңіп алды.

Төрешілер Наргиз Болатова мен Виктор Друзиннің өнерін 243.8800 ұпайға бағалады. Алтын медальді Ұлыбритания өкілдері Изабель Торп пен Ранджуо Томблин иеленді (264.3033). Ал екінші орынды Чили спортшылары Теодоро Гарриодо мен Николас Кампос иеленді (244.7409 ұпай).

Айта кетейік, бұған дейін Виктор Друзин әртістік жүзуден жеке бағдарламаларда бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget