Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов ушу-саньдадан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Әлижан Аблағатов Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагомнан жеңілді.
Осылайша, жерлесіміз 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!