Қазақстандық спортшы Таиландтағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Таиландтағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Еспелі слаломнан Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз Александр Куликов каноемен есуде жекелей сайыста топ жарды.

Айта кетейік, Кейго Ямамото (Жапония) екінші орын алды. Ал Севан Билло (Аустралия) үздік үштікті түйіндеді. Қуаныш Еренғайыпов төртінші орын алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget