Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды.  Бұл туралы ҚР МКҚК Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

"Онкүндікте 5400 ұпай жинаған қазақстандық Фархад Қыстаубаев алтын медальді жеңіп алды. Бір қызығы, спортшы онкүндіктің барлық түрлері бойынша жетекші орындарға ие болды", - делінген хабарламада.

© Instagram/committee_sport/

Бұл Фархадтың 24-ші Сурдлимпиада ойындарындағы екінші медалі. Ол бұған дейін 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола медаль алған болатын.

"Дайындығымыз өз деңгейінде болды деп сеніммен айта аламыз. Шәкіртмнің чемпион атанғанын көргенде төбем көкке жетті. Жақсы өнер көрсеткенімізге қуаныштымын. Енді елге қайтып аздап демаламыз және қайтадан жаңа дайындықты бастаймыз», - деді Фархадтың жаттықтырушысы Станислав Фоленвейдер.

© Instagram/committee_sport/

Еске салайық, Жазғы Сурдлимпиада ойындары Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 100 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.