Қазақстандық спортшы ірі турнирге қатысады

Қазақстандық спортшы ірі турнирге қатысады
Фото: ҚР ҰОК

Лас-Вегаста (АҚШ) үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жарыста әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыз бақ сынамақ. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары бар:

  • Линь Шидун (Қытай, №1),
  • Ван Чуцинь (Қытай, №2),
  • Уго Кальдерано (Бразилия, №3),
  • Харимото Томокази (Жапония, №4),
  • Лян Цзинкунь (Қытай, №5),
  • Трулс Морегард (Швеция, №6),
  • Феликс Лебрун (Франция, №7),
  • Лин Юн-Джу (Тайбэй, №8),
  • Дарко Йоргич (Словения, №9),
  • Сян Пэн (Қытай, №10).

Қазақстандық Кирилл Герасименко турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы - Бельгияның үш дүркін чемпионы Мартин Аллегро.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры - 1 550 000 АҚШ доллары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget