Қазақстандық спортшы ірі халықаралық турнирде күміс алды

Қазақстандық спортшы ірі халықаралық турнирде күміс алды
Фото: ҰОК

Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша Дмитрий Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget