- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстандық спортшы Мәскеудегі...
Қазақстандық спортшы Мәскеудегі АСА турнирінде нокаутпен жеңілді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников Мәскеудегі АСА турнирінің ширек финалында ресейлік Али Баговқа есе жіберді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек төртінші раундта аяқталды.
Артем мен Али арасындағы кездесу кештің басты жекпе-жегінің бірі саналған. Төртінші раундта ресейлік спортшының айқын басымдығынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Қазақстандық спортшы мансабында сегізінші рет жеңіліс тауып отыр. Али Багов болса жартылай финалда бразилиялық Хердес Батистамен кездеседі.
Жарыстың жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!