- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстандық спортшы қарсыласын...
Қазақстандық спортшы қарсыласын тістеп алды: дзюдошы әрекетін түсіндірді
Қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадірова Парижде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирі кезінде қарсыласын неге тістеп алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық қыз 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің алғашқы кездесуінде бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жібергенімен, қарсыласын тістеп алды.
"Сынап жатқандарған жауап бергім келеді. Кеше мен Париждегі "Үлкен дулыға" турнирінде бельгиялық спортшымен жекпе-жекке шықтым. Ол шынтақ арқылы ауырту тәсіліне көшті. Мен берілуге белгі бердім, бірақ соған қарамастан бельгиялық спортшы қолымды сындыруды жалғастырды.
Шынтағымның сынғанын естігеннен кейін, мен оны автомат түрде тістеп алдым, басқа амалым болмады. Осының бәріне қоса, төреші мүлде жауап қатпай, жекпе-жекті тоқтатпады.
Айтпақшы, маған жағымсыз сөздер жазып жатқан еркектер... Егер сондай батыр болсаңыз, маған өз нөмірлеріңізді жазып, ойыңыздағыны бетіме айтып көріңіз, егер батыл болсаңыз, әрине", - деді спортшы Instagram-дағы видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек