Жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғалымжан Балабек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде ел намысын қорғап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 12-орынға (нәтижесі - 3:47.13) тұрақтады. Осы көрсеткіші арқылы Ғалымжан Балабек Қазақстан рекордын жаңартты.
АҚШ өкілі Карсен Фостер алтын медаль жеңіп алды (3:37.39). Күміс жүлде бельгиялық Лукас Пьер А. Энвоға бұйырды (3:37.74). Ал Мэттью Колдуэлл (БАӘ) үздік үштікті түйіндеді (3:40.95).
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова