Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті. Нәтижесінде Никита Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз