Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының өкілі Мейір Рахметқалиев арқан тартыстан жекелей сында Ираннан келген 190 келілік қарсыласын жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тумасы, салмағы 110 келі болатын спортшы мен жанкүйерлер алып денесі үшін "Халк" деп атап кеткен ирандық балуанның арасындағы белдесу "бетпе-бет" форматындағы турнирдің ең жарқын сәттерінің біріне айналды.
80 келі айырмашылыққа қарамастан, қазақстандық спортшы алып қарсыласын басып озды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!