Қазақстандық спортшы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда ол түркиялық Бекир Кесерден басым түсті.

Мерей Базарбаев финалға дейін америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен, франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!