Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Финляндияның Рука қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде тағы да үздік ондықтың қатарына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл додада могул бойынша жүлделер екі рет сарапқа салынды. Алғашқы жарыста Анастасия Городко жетінші орынды иеленді.
Келесі күні отандасымыз тағы да үздік ондықтың қатарына еніп, тоғызыншы болып мәреге жетті.
Жарыста аустралиялық Энтони Джакара жеңімпаз атанды. Екінші орынға АҚШ спортшысы Оливия Гьяччо, ал үшінші орынға Джейлин Кауф тұрақтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова