Қазақстандық спортшы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Рита Бакишева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз жарысты 1/8 финалдан бастап, бұл кезеңде Иордания өкілі Мухаммад Аль-Адарбиді жеңді. Ширек финалда Үндістан спортшысы Кашиш Маликтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Рита Бакишева Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Япемен кездесті. Қазақстандық спортшы 0:2 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, виртуалды таеквондо Азия ойындарына алғаш рет енгізіліп отыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!