Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Бэлла Самашева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті. Бэлла Самашева қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді.
Осылайша, Бэлла Самашева 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!