Қазақстандық спортшы Азиадада кураштан қола жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кураштан қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Бұл бәсекеде кореялық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Арайлым Шегенова Азиада-2026-ның қола медалін иеленді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз