Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Норвегияның Хамар қаласындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы 500 метр қашықта сәтті өнер көрсетті. Евгений Кошкин мәреге 34,56 секундта келіп, алтыншы орынды иеленді.
Жарыста жеңіс америкалық Джордан Штольцқа бұйырды: 34,14 секунд. Күміс жүлдені поляк спортшысы Дамиан Журек иеленді: 34,14 секунд. Қола медаль жапониялық Юта Хироиседе: 34,44 секунд.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!