Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогы аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан үздік ондыққа еніп, оныншы орынға тұрақтады. Роман Иванов 11-орынды иеленді.
Дінмұхамед Райымқұлов 14-орынға, Шерзод Хаширбаев 23-орынға, ал Ұланбәкір Өмірзақов 31-орынға тұрақтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!