Қазақстандық спортшы UFC-ге ресми түрде өтті

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC ұйымымен ресми түрде келісімшартқа отырды. Оның әлемдегі ең үздік промоушенге ауысқаны туралы бір күн бұрын белгілі болды.

"Ресми: Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды", - деп хабарлайды Naiza League Instagram парақшасы.

Шавкат Рахмонов та Алмабаевтың UFC-ге ауысуына реакция білдірген болатын.

Еске салайық, кәсіпқойлар арасында өткен 19 жекпе-жектің 17-сінде Асу жеңіске жетіп, екеуінде ғана жеңілген. Сондай-ақ, оның Brave FC промоушенінде төрт жекпе-жек өткізгенін және төрт жекпе-жекте де жеңіске жеткенін айта кеткен жөн.