Қазақстандық шаңғышы қыздар Анна Шевченко, Ольга Мандрика мен Ирина Быкова Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында күміс жүлдегерлер атанды.
«3х5 шақырым» жүйесіндегі эстафеталық сында қазақстандық шаңғышы қыздар қашықтықты 43:17.2 минутта бағындырды. Жарыс жеңімпазы атанған Ресей құрамасынан 52.1 секундқа ғана қалып қойды. Қола медальды француз шаңғышы қыздары иеленді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын 4 күміс 10 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.
О. Сансызбай