Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатында сенсация жасады

Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатында сенсация жасады
Фото: twitter.com/FIDE

Қазақстандық шахматшы Денис Махнев Өзбекстанда өткен блицтен әлем чемпионатында сенсация жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық бірінші айналымда турнир фавориттерінің бірі – америкалық Фабиано Каруананы жеңді.

Америкалық шахматшы 2018 жылы әлемдік тәж үшін Магнус Карлсенге қарсы ойнап, Самарқандағы жарысқа екінші нөмірмен қатысып жатыр, ал қазақстандық Махнев - 105-нөмір.

Денис жұлдызды қарсыласын жеңіп, 5 раундтан кейін 4 ұпай жинап, аралық 9-орынға ие болды. Владислав Артемьев пен Рамешбабу Прагнанандха 5 ұпайдан жинады - олар көш басында тұр.

"ФИДЕ блиц бойынша әлем чемпионатының бастапқы турындағы алғашқы бес тақтада бір тең ойын және бір күтпеген жеңіліс болды. Денис Махнев Фабиано Каруананы жеңді. Алда тағы 20 раунд бар!", - деп жазды FIDE турнирдің басталуы туралы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан