Қазақстандық семсерлесушілер Қатарда бақ сынайды

Қазақстандық семсерлесушілер Қатарда бақ сынайды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Қатардың Доха қаласында өтетін гран-при сериясындағы турнирге қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз ерлер және әйелдер арасындағы сайыста өнер көрсетеді.

Құрама сапына Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Богдан Лукин, Михаил Кузьмин, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Никита Жулинский, Владислава Андреева, Каролина Фомина, София Николайчук және Наталья Зинякова енген.

Айта кетейік, Дохадағы жарыс 23-25 қаңтар аралығында өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget