Қазақстан ерлер құрамасы қылыштасудан Италияның Падуя қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Құрама сапына жеті спортшы енді.
Ел намысын Артем Саркисян, Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев, Қайназар Нұрқатұлы, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай қорғайды.
Әлем кубогы кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді.
Айта кетейік, 2023 жылы Падуяда өткен осы жарыста Артем Саркисян күміс медаль жеңіп алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!