Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандастарымыз финал үшін өткен ойында Оңтүстік Корея құрамасына 45:41 есебімен жол беріп алды. Нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Ұлттық құрама сапында Мұхамедәлі Рахманәлі, Саттархан Назарбай, Артем Саркисян және Жанат Набиев бақ сынады.
Бұл Қазақстан құрамасы қоржынына түскен 14-ші жүлде. Оның 1-і – алтын, 2-і – күміс, қалғандары қола медальдар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!