Қазақстандық семсерлесуші алтын жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.

Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!