Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында төрт күміс, екі қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Доминикан Республикасының Хуан-Долио қаласында жағажай самбосынан III әлем чемпионаты аяқталды. Алғашқы жарыс күні палуандар құмда белдесіп, сегіз салмақтағы үздіктерді анықтады. Жүлде алғандар қатарында Ұлттық құрама спортшылары да бар.
Ерлер, 58 келі
1. Дамир Шамсутдинов (ФИАС 1);
2. Әліби Тоқтарбай (Қазақстан);
3. Габриэль Стефанита Рима (Румыния);
3. Давид Овсепян (Армения).
71 келі
1. Шамиль Тюряев (ФИАС 1);
2. Матан Иглицки (Израиль);
3. Иван Лопоухански (АҚШ);
3. Самат Сағатбеков (Қазақстан).
88 келі
1. Антон Суровцев (ФИАС 1);
2. Болат Сапар (Қазақстан);
3. Дмитрий Вильтовский (АҚШ);
3. Эдуард Гарсия (Венесуэла).
+88 келі
1. Элли Нейт (Румыния);
2. -
3. Артур Хапцев (ФИАС 1);
3. Ермұхан Естай (Қазақстан).
Әйелдер, 50 келі
1. Оксана Кобелева (ФИАС 1);
2. Маргарита Бажаева (Қазақстан);
3. Кристина Бланару (Румыния);
3. Луизайна Кампос (Испания).
Чемпионаттың 2-күні командалық сында Қазақстан құрамасы финалға жетіп, Румыния самбошыларына жол берді. Қола медальді Коста-Рика құрамасы иеленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!