Қазақстандық садақшылар Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандастарымыз садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті.
Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Нидерланд құрамасынан 153:155 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан командасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова