Қазақстандық садақшылар Түркияда бақ сынайды

Қазақстандық садақшылар Түркияда бақ сынайды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы садақ атудан Түркияның Анталия қаласында өтетін Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық World Archery федерациясы алдағы жарысқа қатысушылар тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі мынадай:

  • Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Иван Берча, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Диана Тұрсынбек, Медина Мұрат, Самира Жұмағұлова.
  • Блоктық садақ ату: Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Диана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет.

Айта кетейік, Әлем кубогы 9-14 маусым аралығында өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget