Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өтіп жатқан Veronica’s Cup атты халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ол классикалық садақ атудан жеке сында финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде Ильфат Абдуллин үндістандық Сачин Гуптаны 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медаль иеленді.
Бұл сында ел намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова