Қазақстандық полицей самбодан Азия және мұхит аймағы чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері Ниетхан Төлеухан ел абыройын асқақтатты. Ол Филиппин астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия және мұхит аймағы чемпионатында сәтті өнер көрсетті.
"Отандасымыз беделді халықаралық додада тартысты белдесулер нәтижесінде финалға дейін жетіп, күміс медаль жеңіп алды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Маниладағы чемпионат ауқымдылығымен ерекшеленген. Дүбірлі додаға Азия және мұхит аймағындағы 30 елден 500-ге жуық үздік балуан қатысқан.
Жарыс жасөспірімдер, жастар және ересектер санаттары бойынша ұйымдастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова