Қазақстандық полицей екі мәрте Азия чемпионы атанды

Қазақстандық полицей екі мәрте Азия чемпионы атанды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 

Қазақстандық полицей Бішкекте өткен белбеу күресінен жарыста жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

12 мемлекеттен 150-ден аса спортшы қатысқан байрақты бәсекеде 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция капитаны Арайлым Оразбай шеберлік көрсетті.

Арайлым Оразбай жарыс барысында Қырғызстан, Иран, Жапония балуандарын жеңіп, финалда Өзбекстан спортшысын 3:1 есебімен ұтып, жүлделі 1-орынды иеленді. Осылайша ол екінші рет Азия чемпионы атанып, ел намысын абыроймен қорғады.

ІІМ баспасөз қызметі 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget