Қазақстандық полицей Азия чемпионы атанды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің инспекторы Нұрбек Закарин джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында Contact дисциплинасы бойынша 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен полиция қызметкері алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша ол Қазақстан Туын жеңіс тұғырының ең биік сатысында желбіретті.

ІІМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, Нұрбек Закарин - джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, спорт шебері және қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Сонымен қатар, ҰҚК кубогының, Ішкі істер министрлігі кубогының және Төтенше жағдайлар министрлігі кубогының жеңімпазы атанған. Ол армиялық қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының күміс және қола жүлделеріне ие болған.

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі бүгінде ішкі істер органдарындағы қызметін кәсіби спортпен сәтті ұштастырып жүр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!