Түркияның Анталия қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері үздік он спортшының қатарына енді.
Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев блок садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста Әлем кубогы кезеңінің ширек финалына дейін жетті. Бұл кезеңде қазақстандық мергендер Мексика құрамасымен кездесті. Тартысты бәсекеде қарсыластар 158:155 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды хаттамада Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев алтыншы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, ширек финалға дейінгі жолда қазақстандық спортшылар Малайзия мен Германия командаларын жеңген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова