Қазақстан ерлер құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан трап бәсекесінде сынға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы командалық жарыста 348 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Кувейт құрамасы 355 ұпаймен топ жарса, Қатар 349 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл сайыста ел намысын Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов қорғады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!