Нысанаға оқ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада өтіп жатқан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандастарымыз пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде үздік болды.
Қазақстан құрамасы сапында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Анастасия Григорьева өнер көрсетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!