Нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден оқ атуда қарсылас шақ келтірген жоқ. Жеңімпаздың жаттықтырушысы – Рашид Юнусметов.
Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті жарыс қожайыны Сук Джин Хонг түйіндеді.
Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 8-орынға көтерілді.
Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналған. Қазақстаннан 12 спортшы бақ сынауда.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!