Қазақстандық Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды. Ұлттық құрама көшбасшысы Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде топ жарды.
Михаил қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан болатын. Еркін бағдарламада жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте 256.34 ұпаймен бәрін басып озды.
Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде.
Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).
Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!