"Жальгирис" клубын жаттықтыратын қазақстандық маман Владимир Чебурин Литвада жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.
Владимир Чебурин үшін бұл алғашқы жетістік емес. Бұған дейін 2017, 2018 және 2019 жылдары да үздік маман атанған.
Қазақстандық маман Литвада "Круоя" және "Судува" клубтарын да жаттықтырған. Соңғысымен 2017, 2018 және 2019 жылдары чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Маман елімізде Көкшетаудың "Оқжетпес" және Қарағандының "Шахтер" командасын жаттықтырған.