Қазақстан құрамасы күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан турнирде бірнеше медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Беделді жарыста ел қоржынына алғашқы алтын жүлделерді Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова салды.
Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақта топ жарып, финалда Үндістан өкілі Приянши Пражапатты жеңді.
Ал Лаура Алмағанбетова 55 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, шешуші белдесуде Украина спортшысы Лилия Маланчукті ұтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!