Францияның Тье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Айбота Ертайқызы үш медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Айбота шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы биылғы маусымда өзі қатысқан турнирлердің бәрінен медаль алып келеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз