Қазақстандық “классиктер” Венгриядағы турнирді қалай аяқтады?

Қазақстандық “классиктер” Венгриядағы турнирді қалай аяқтады?
Фото: UWW

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтинг турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күнінде грек-рим күресінен бәсекелер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бір күміс, екі қола медальмен турнирді аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Фидахметов ақтық сында қырғызстандық Шаршенбековтен жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдеге ие болды.

Исхар Құрбаев 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде үндістандық Лалитті тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұған дейін Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget