Қазақстандық кикбоксшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды

Үндістанның Пуна қаласында кикбоксингтен Азия чемпионаты аяқталды. 17 елдің спортшылары бақ сынаған додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.  

Еліміздің намысын қорғаған спортшылар 24 алтын, 5 күміс, 2 қола медальға ие болды. Сонымен қатар, қазақстандық бапкер Сансызбай Ибраев Азия чемпионатының үздік бапкері атанды.