Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін 5 тамыз күні Ташкентте өткізеді.
Біздің команданың боксшысы Бекман Сойлыбаев (16-1-0, 7 KO) 5-тамыз күні шаршы алаңға оралады! Жекпе-жек Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді. Айқас 10 раундқа жоспарланған! Жуырда Бекманның қарсыласы кім болатынын хабарлаймыз!, - деп жазды Adal Promotions.
Бекман Сойлыбаев соңғы жекпе-жегін 21 наурыз күні Алматыда өткізді. Филиппиндік Дженел Лаусаны (11-1-1, 7 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңіп шықты. Нәтижесінде WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған еді. Алайда ұйым боксшыны рейтингінен шығарып тастаған.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!