Қазақстандық кәсіпқой боксшы 4 жылдан кейін шаршы алаңға оралады

Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) кәсіпқой боксқа оралады. Отандасымыз 28 қазан күні Майамиде жекпе-жекке шығады. 

BoxRec.com ақпараты бойынша қазақстандық боксшының қарсыласы – мексикалық Пабло Батрес (10-23-2, 3 КО). Жекпе-жек алтын раундқа жоспарланған. 

Мұса Тұрсынғалиев 2019 жылдың жазынан бері кәсіпқой бокс алаңына шықпаған. Бірнеше рет жекпе-жегі ұйымдастырылғанмен, түрлі себептермен өтпей қалған. 

Айта кетейік, осыған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов неміс боксшысымен жұдырықтасатыны жайлы хабарлаған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!