Қазақстандық каратеші Азиаданың алтын жүлдесі үшін бақ сынайды

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Әсел Қанай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жерлесіміз 61 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Чакрия Ваннмен (Камбоджа) кездесті. Нәтижесінде Әсел Қанай 3:0 есебімен жеңіске жетті.

ҰОК/ Сали Сабиров

Қазақстандық спортшының финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!