Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатының алғашқы күнінде-ақ еліміздің екі рекордын жаңартты

Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатының алғашқы күнінде-ақ еліміздің екі рекордын жаңартты
Фото: olympic.kz

Будапеште (Венгрия) қысқа қашықтықта суда жүзуден әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы күннің өзінде елдің екі рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Софья Сподаренко 50 метрлік қашықтықты баттерфляй әдісімен 26.06 секундта жүзіп өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стиль эстафетасында рекорд жасады. Әділбек Мусин, Егор Попов, Максим Сказобцов және Глеб Коваленя бұл қашықтықты 3.15.97 уақытпен аяқтады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget