Қазақстандық жеті боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады

Қазақстандық жеті боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады
Фото: ҰОК

Халықаралық World Boxing федерациясы әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының жеті өкілі үздіктер тізімінің көшін бастады.

  • Назым Қызайбай (48 келіге дейін),
  • Аида Әбікеева (65 келіге дейін),
  • Наталья Богданова (70 келіге дейін),
  • Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін),
  • Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін),
  • Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін),
  • Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін, 2-орын), Виктория Графеева (60 келіге дейін, 3-орын), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары, 3-орын) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін, 2-орын) үздік үштікке енді.

Айта кетейік, рейтингтік ұпайлар 2024 жылғы Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының, Әлем кубогы кезеңдерінің және World Boxing Challenge турнирлерінің нәтижелері бойынша беріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget