Қазақстандық жеңіл атлеттер ірі халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық жеңіл атлеттер ірі халықаралық жарыста топ жарды
Фото: ҰОК

Алматыда жеңіл атлетикадан ірі халықаралық жарыс - Ғұсман Қосанов мемориалы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 34 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 12 күміс және 16 қола жүлде.

Жарыста жеңіске жеткендер қатарында Юлия Башманова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Полина Иванова (сырықпен секіру), Александра Залюбовская (400 метр), Надежда Дубовицкая (биікке секіру), Иван Товченик (сырықпен секіру), сондай-ақ, Қазақстанның аралас 4×400 метрлік эстафета командасы бар.

Айта кетейік, Ғұсман Қосанов мемориалы World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясына кіреді және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Атлеттер бұл жарыс арқылы алдағы қыркүйекте Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қажет рейтинг ұпайларын жинай алды.

Биылғы турнирге 17 елден 200-ден аса спортшы қатысты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget