Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола алды

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола алды
Фото: Жеңіл атлетика федерациясы

Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов жарысты қола жүлдемен аяқтады. Ол ядро серпуде үшінші орынға ие болды. Иван Иванов 18,58 метр нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Евгений Лабутов диск лақтыруда жетінші орын алды. Ал Артур Гафнер найза лақтыру сайысында ел намысын қорғайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget