Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: instagram.com/qazathletics

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Гонконгте өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында диск лақтырудан алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда 17 жастағы спортшы дискіні 60,45 метрге лақтырып, қарсыластарынан айқын басым түсті. Бұл нәтиже оның жеке рекорды ғана емес, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстанның жаңа рекорды болды.

Жарыс барысында Максим көрсеткішін біртіндеп жақсартып отырды. Ол үш мүмкіндігінде нәтижесін 45,67 метрден 60,45 метрге дейін жеткізді.

Жүлдегерлер тізімі:

  • Максим Сажнев, Қазақстан – 60,45 метр
  • Нишчай Нишчай, Үндістан – 60,10 метр
  • Хамад Дхави Альсултан, Катар – 59,47 метр
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Qazaq Athletics 🇰🇿 (@qazathletics) жарияланымы

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

№2 ОРМБЖСМ | Жеңіске бірге! (@2sportmektep) жарияланымы

Айта кетейік, бұған дейінгі Қазақстан рекорды 57,97 метр болған. Оны да 2026 жылдың сәуірінде Максим Сажневтің өзі орнатқан еді.

Мамандардың айтуынша, бұл нәтиже жаңартылған рейтингте қазақстандық спортшының әлемдегі ең үздік он жасөспірімнің қатарына кіруіне мүмкіндік беруі мүмкін.

Азия чемпионаты Гонконгте 28-31 мамыр аралығында өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget